КАДЫРОВА Гульжан Дуйсенбаевна » «Ә.Молдағұлова атындағы №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицей»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Ә.Молдағұлова атындағы №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-57-48
Ұялы телефон:
+7 (775) 732-83-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
желтоқсан
2023

КАДЫРОВА Гульжан Дуйсенбаевна

Кадырова Гульжан Дуйсенбаевна, Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында 1965 жылдың 10 қыркүйек айында  дүниеге келген.

1972-1982 жылдары А.С.Пушкин атындағы №6 жалпы орта мектебінде білім алған. Оңтүстік Ашық Университетінде Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын бітірді.

Еңбек жолын 1984 жылы А.С.Пушкин атындағы жалпы орта мектебінде аға тәлімгер, бастауыш сынып мұғалімі, ГКЛКСМ-хатшысы қызметін атқарды.

2002 жылы 1 қыркүйек айынан №10 жалпы орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2008-2023 жылдар аралығында №10 жалпы орта мектептің директоры лауазымына тағайындалды.

2023 жылдың 17 қаңтар айынан бастап Ә.Молдағұлова атындағы №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицей директоры қызметіне ауысып, қазіргі уақытқа дейін мектеп директоры қызметін атқарып келеді.